02.11.2021
  463


Автор: Әкім Ысқақ


Үйің болып, онда бақыт болмаса,
Күйің болып, бойға шабыт қонбаса,
Жан дүниең жақсылыққа толмаса,
Қызғаныштың қызыл шоғы лауласа,
Сүйіп тұрып, сезім оты жанбаса,
Серігің боп, сеніміңді алдаса,
Туыстарың болғанымен, ту ұстарың қалмаса,
Ақыл қалта ақшаға емес, ізгілікке толмаса,
Ойың таяз, көңілді аяз, жанды орынсыз уайым-қайғыға торласа,
Өз өмірін өзі сүйе алмаса,
Адаммын деп айту да онда далбаса!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу