Өлеңдер ✍️

  01.11.2021
  1236


Автор: Әкім Ысқақ

Қазақ тілім


Қазақ тілім – көңілімнің шыңысың,
Жүрегімнің қайталанбас үнісің.
Қасиетің қуат берген бойыма,
Сен – асқақсың!
Сен – ғажапсың!
Ұлысың!

Қаяу салса жүректерге өткен күн,
Сен арқылы көңілге гүл еккенмін.
Сен арқылы бағындырып асуды,
Асқаралы арманыма жеткенмін.

Сенде жатыр намыс, арым, ұятым,
Сенсің жүрек жырларымды жиятын.
Тағдырыңа алаңдаған бір ұлмын,
Өзің үшін өмірін де қиятын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу