Өлеңдер ✍️

  01.11.2021
  1271


Автор: Әкім Ысқақ

Өмірді сүйем (2)

Жаныңа мұң төгіп жылатқан,
Жасыңды сүрткен де, жұбатқан.
Қас-қағым сәттерде қуантып,
Бір бақыт жолдаған жырақтан,
Өмірді сүйем!

Үзілген үмітті жалғаған,
Әдемі әуенін арнаған.
Қас-қағым сәттерде сынаққа ап,
Бірде түк әуреге салмаған,
Өмірді сүйем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Каусар
Каусар 15.02.2024 16:42
Өмірді сүйем 2

Пікір жазу