Өлеңдер ✍️
Ана тілі
Тілім менің бақытым да байлығым,
Арқа сүйер, адалдығым айбыным.
Тілім менің сен арқылы сезінем,
Шаттығымның шалқар теңіз айдынын.
Тілім менің тартынба да жасқанба,
Арқау болдың шежіре жыр дастанға.
Тілім менің ұрпағыңмен мың жасап,
Әуелесін абыройың аспанға.
Тілім менің бойдағы ар намысым,
Шығар менің өзің деп жан дауысым.
Қазақтың жаны сенен қуат алар,
х х х
Ана тілім бойымдағы қанымсың,
Анамдағы - арымсың.
Бүкіл қазақ ниеттері тоғысып,
Саған ғана табынсын!
Ана тілі арманысың бабамның,
Бақытысың- баламның.
Қара сөздің көтерем деп еңсесін,
Қазақ болып жаралдым.
Қанға сіңген аманатым ардағым,
Өр үніңді жалғадым.
Егер сенің қауырсының майысса,
Мен көтерем салмағын!
Ана тілім сені ұмыту мүмкін бе?
Шексіз білу еркімде.
Ана тілдің қасиеті деп ұғынам,
Жеткеніміз бұл күнге!
Өзің барда айтылады шындығым,
Өтпес еді бір күнім!
Қазақ болсаң өз тіліңде сөйлеу ғой,
Сенің еткен ерлігің!
Ана тілі жарлығысың әкемнің,
Мәңгі сыйлап өтермін!
Саған өтер борышымды арқалап,
туым етіп көтердім!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter