Өлеңдер ✍️

  31.10.2021
  2147


Автор: Жібек Ысқақова

37 жас, қарындасыма туған күнге тілек, 3 мүшел

Қарындасым ай дидарлы, жаны нәзік,
Әрбір сөзің жан тербейді, жанға азық.
Құтты болсын бүгінгі туған күнің,
Ақ тілекті арнайын жырдан қазып.

Үшінші мүшел жасың келді шуақ беріп,
Өміріңе жайдарлы, қуат беріп.
Құтты болсын қарлығашым қуанышың,
Бар жақсыны арнаймын, сөзден теріп.

Жаздай жаның күлімдесін, мұңаймасын,
Жанарыңда әуезді әуен, жыр ойнасын.
Амандықта жастан жасқа аяқ басып,
Аша бергін жаңа жастың шарайнасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу