Өлеңдер ✍️

  31.10.2021
  2923


Автор: Жібек Ысқақова

37 жас, сіңіліме туған күнге тілек

Соңымнан ерген сіңілім жаны жайсаң,
Құтты болсын туған күнің бүгінгі.
Отыз жеті жасқа толдың қанат жайып,
Ұсынамын өзіңе жыр гүлімді.

Үшінші мүшел жасың сені нұрландырсын,
Шаттандырып жан сіңілім қуандырсын.
Өміріңе жайма шуақ жаз әкеліп,
Әуелетіп әнімен жырландырсын.

Көктемдейін құлпырып, жайнай бергін,
Гүл бағыңда әнге салып бұлбұл құсың
Жаз көңілің мәз болып жадырасын,
Жан сіңілім оңды болып әрбір ісің.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу