31.10.2021
  3283


Автор: Жібек Ысқақова

37 жас, інім туған күніңмен

Жан бауырым, қорғаным, жаным інім,
Құтты болсын бүгінгі туған күнің.
Отыз жеті жасың міні есік ашты,
Қуандырып, шаттықта күн түндігін.

Жаңа жасың бақытына бөлей берсін,
Раббым Алла қолдап сені демей берсін.
Үшінші мүшел бар жақсысын арнап саған,
Нар тұлғалы жандармен теңей берсін.

Жадырасын жаздай жаның жайма шуақ,
Алтын күздей жайқалып әрбір күні.
Қыстай мықты денсаулық тілеймін мен,
Жұпарына бөлесін деп көктем гүлі.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу