Әңгімелер ✍️
МЕН ТАҢ ҚАЛАМ!
Ақыр заман жақындағанда ақиқат жалған болып, жалған ақиқат болып көрінеді-дегенді естуші едік. Сол нәрсе де келіп қалыпты ғой. Қорқынышты.
Орамал тағып арын сақтаған, келер ұрпақтың тектілігін ойлаған, күйеуінің алдында өз абыройлығын сақтаған, әпке-қарындастарымыздың амалы осы күнде теріс бағаланып, қоғамнан шеттелуде. Демек, ақиқат жалған болып, рас нәрсе өтірік болып, дұрыс нәрсе теріс болып, заңға қайшы болып көрінуде. Ал, ата-бабасы мұсылман болған, қазақ қыздарының ашық-шашық жүруі, жыртық-жыртық шүберек сияқты шалбар киюі, некесіз оңашада құшақтасып жүруі-дұрыс, оқасы жоқ, заңға қайшы емес болып саналуыда. Бұл да жалған, пайдасыз нәрсенің дұрыс, зияны жоқ болып көрінуі-ақыр заман белгісі емей немене?!
Ата-бабамыз келер ұрпағының қандай болуын аңсады? Бұл сұрақ әрбір қазақпын, мұсылманмын деген азаматты ойландыру керек. Бабаларымыз аса мән берген құндылықтардың бірі – қыз тәрбиесі мен әйел затының арлы болуы екені сөзсіз. Сондықтан, «Қызды қырық үйден тыю керек» деген қағидалы, қасиетті сөзі бекер айтылмағаны рас. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»- дейді қазақ.
Осы күнде тыйым салудың басым бөлігі рухани құндылықтарға болып жатыр. Неге? «Дін Мемлекеттен бөлек» деген заңымыз ба? Бұл заңның айтары қоғамындағы діні бойынан ажырамаған халықтың руханиятына қол салу-дегенді білдірмейді ғой. «Шаш ал десе бас алу» жүріп жатқан жоқпа?! Елбасымыз: «ағымдармен күресеміз-деп ата-дінімізбен күресіп кетпеуіміз керек»-деп айтты емес пе? Жақсы, «дін мемлекеттен бөлек»-деген заң жазылған, бірақ неге тәрбиеге жат, жастарды азғындыққа жетелейтін теріс қылықтар тыйылмай тұр. Мысалыға: кыз текелік (голубойлар), қыздың еркекше болуы, некесіз бала табу, өнерді былғаған әншілердің мәдениетсіздігі, азғындыққа алып баратын арақ-шараптың ашық саудалануы, жезөкшелердің еркін кезуі, ата-анасын тастаған опасыздардың ісі, тағысын-тағы айта берсең көп. Осы жоғарыда аталған азғындықтар біздің түбімізге жетіп, елдігімізден айыратыны ақиқат. Неге осыған заң жоқ? Заң болу керек! Мысалыға, «тәрбиелік нормалардың сақталуы»-деген сияқты. Ол барша Қазақ халқының қалауы-деп ойлаймын. Кім өзінің ұлы мен қызын жамандыққа қияды?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter