Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.10.2021
270
![](/uploads/shorttexts/author_image/ed6c94dafeaa83b315c782bad1169c04.jpg)
Шайтан ағаш
“Қара да беріш қайың боп” қаттым,
нала-сырды еміп желегім.
Сазды жер сор боп, уайым-батпақтың
жағасында өніп келемін.
Сары да жалқын жалғыз Күн қақтап,
Аңқа кептірген аңызақ.
Сабырдан сарай салғыздың, батпақ,
Бізге енді достың бәрі жат.
Түнек те тұл түн жұтап, тарыға,
қап-қара өңі жерге еніп,
өксісе — сидаң бұтақтарыма
түнейді перілер келіп.
Төріне көшсе тірі ұлыс көрдің,
Сор түртсе сесіне кіріп.
Іргесін қымтап ібілістердің,
Мен келем өсіп — өкініп...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter