Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.10.2021
217
Көне жырдың сілемі
“Қарқара бөрік кигенім,
Қайыңсап садақ игенім.
Қай жерде отыр жәудіреп,
Қарақат көзді сүйгенім?
Сере де сере, сере қар,
Көк көлге киер көбе қар.
Әуеден сәуе көрерсің,
Жан жарым жансыз дегейсің,
Көзіңе жас берер көне зар.
Сен аман жүрші көкем-ай,
Тәңірден әмір жеткесін,
Әуелі құрбан мені алар...”
- деп зарлап ағам өтті бұл өмірден,
Көк түйменің үзілді бірі өңірден.
Жас ақпай жанарымнан, қан шүмектеп,
Мамыра маза кетті жүрегімнен.
Қарқара бөрік қалды тер аңқыған,
Құбылаға құлады ел артынан.
Саздауытқа қар жауып, қайың семді,
Қара жерді шөкелеп неге алқынам?!
Ажалдыға дарымас ғұмыр мәңгі,
Тәңір өзі қиған соң шыбын жанды.
Атың аунап түк қалып жарытпады,
Нардан ауып жөнекей жүгің қалды.
Қош енді, қош аман бол, құба дала,
Көгіңнен бұлт, төріңнен мұнар ада.
Көк көлге көтерілді көңіл жүрдек,
Көшуді һақ жазыпты сыбағама.
Көшкенде айтатыным көне жыр-ды,
Тастадым ғасыр киген көбе-мұңды.
Көлменен шөл тоғысқан қалаға кеп,
Көне жыр көркемдеген өлеңімді:
“Қарқара бөрік кигенім,
Қайыңсап садақ игенім.
Кеудемнен ұшар қай күні,
Көкала өлең-үйрегім?!.”
Қайыңсап садақ игенім.
Қай жерде отыр жәудіреп,
Қарақат көзді сүйгенім?
Сере де сере, сере қар,
Көк көлге киер көбе қар.
Әуеден сәуе көрерсің,
Жан жарым жансыз дегейсің,
Көзіңе жас берер көне зар.
Сен аман жүрші көкем-ай,
Тәңірден әмір жеткесін,
Әуелі құрбан мені алар...”
- деп зарлап ағам өтті бұл өмірден,
Көк түйменің үзілді бірі өңірден.
Жас ақпай жанарымнан, қан шүмектеп,
Мамыра маза кетті жүрегімнен.
Қарқара бөрік қалды тер аңқыған,
Құбылаға құлады ел артынан.
Саздауытқа қар жауып, қайың семді,
Қара жерді шөкелеп неге алқынам?!
Ажалдыға дарымас ғұмыр мәңгі,
Тәңір өзі қиған соң шыбын жанды.
Атың аунап түк қалып жарытпады,
Нардан ауып жөнекей жүгің қалды.
Қош енді, қош аман бол, құба дала,
Көгіңнен бұлт, төріңнен мұнар ада.
Көк көлге көтерілді көңіл жүрдек,
Көшуді һақ жазыпты сыбағама.
Көшкенде айтатыным көне жыр-ды,
Тастадым ғасыр киген көбе-мұңды.
Көлменен шөл тоғысқан қалаға кеп,
Көне жыр көркемдеген өлеңімді:
“Қарқара бөрік кигенім,
Қайыңсап садақ игенім.
Кеудемнен ұшар қай күні,
Көкала өлең-үйрегім?!.”
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter