Әңгімелер ✍️
Боксқа қалай келіп қалдым.
Алғаш бокс есігін 6-жасымда әкем Еңбекші қазақ ауданы Ащыбұлақ ауылында Ермакашев Бауыржан ағаймызға табыстауымен бастағам.Әкем күресші болсада мені бокске бергеніне қарағанда не болсада киімін кірлетпей тұрып төбелесуді үйренсін деген болар??.
6-ай бокске ауылда қатысып екінші сыныпта Алматы қаласына көшуіміз себепті бокс жайынша қалып 147 мектеп гимназиясы аясында хордан бастап домбыра,эстрадалық ән айту,бальный би,Шинзен -кай Иран каратэ,еркін күреске,дзюдо,таэкуондо,шахматпен тоғыз құмалаққа бәріне бір уақытта қатысып тастағансың ғой.Осының бәріне уақыт тапқаныма қарағанда тайм менеджментпе или энергиям көп болғанба білмеймін?
Сүйтіп жүріп 7-ші сыныпқа жеткенде бокспен қайта Оқушылар сарайында қауышып Нұрлан Мухамбеткалиев ағайымда жалғастырдым.Нұрлан ағайым бапкер ретінде өте грамотный адам,ал педагогикалық техникасы вообще ерекше.”Адам үйрете жүріп үйренеді”деп сол күннен бастап маған новичок балалармен жұмыс жасауды,боксш школасын үйретуді тапсыратын.Соған қарағанда мен 9-шы сыныптан бастап неофициально бапкер болған екем ғой.
ҚР чемпионы атанғасын ел құрамасына кіріп ондағы еліміздің ең мықты бапкелерінен тәлім ала бастадым.Сол кезде ақ өзім үшін идеальный бапкердің бейнесін құра бастағам.Мектеп қабырғасында әрқайсымыздың сүйікті пәніміз болған,оған себеп именно сол пәннің мұғалімін жақсы көретінбіз..
Бокстада әр бапкердің үйрету техникасын,жүйесін жақсы көріп подсазнательном виде өзіңе сіңіре бастайсың.Мектепте қазақ әдебиетін тереңдетіп оқитын класта оқығасын ба,или сол пәннің мұғалімі Камила апайымды жақсы көргесінба тіл байлығым бокстың техникаларын түсіндіруге кең молынан жететін.
Бертін келе Америкада сапарымда бетіңе күліп арқаңнан пышақ тығатын бапкерлерді де көріп олардан тек ондай болуға болмайтынын үйренген кезде болды.?.Кәсіпқой бокс бапкерлерінің ерекшеліктері енді көп екен…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter