Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  701


Автор: Ринат Зайытов

Қазағым демесем де сормаңдайсың...

Қазағым демесем де сормаңдайсың,
Қатерден неге ертерек қамданбайсың.
Араңда қаптап жүрген экстремист бар,
Осы жайды ойланып-толғанбайсың.
Вахаббист, «Хизбут-тахрир», сәләфилер
Қайсысынан қандай рахат алғандайсың?
Дүмше көп надан елге шеттерінен,
Кеше ғана мұсылман болғандайсың.
Мәшһүр-Жүсіп, Шәкәрім, Абайды оқып,
Тура жолды неліктен қолға алмайсың?
Сәләфидің арманы жару, ату,
Сен соны әлі күнге аңғармайсың.
Олардың қатарында жүргендерді,
Түгендесем таңқалып, талғандайсың,
Тең жартысы түрмеден шығып келген,
Тақия кигіш, уағыз айтқыш тарландай шын.
Қыз зорлап, кісі өлтірген, тонаушылар,
Енді өзің біл, ал қандай жол таңдайсың?
Алланың атыменен адам қырсаң,
Жұмақты не бетіңмен армандайсың?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу