Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  611


Автор: Ринат Зайытов

Ринаттың ащы шындығы

Қан шықпайтың тілсеңде беттерінен
Билікте сайқылды да көп көріп ем
Су бағасын аяқ асты қымбаттатқан
Басшылардың барлығыр жек көріп ем
Əйелдердің пенсиясын ұзартам деп
Армандап ұшып жүр көпте кілем
Потамучта көк қағаз жасамақшы
Жазықсыз аналардың көк терінен
Түсініксіз заңдарды шығарып ап
Халық қа түсіндіргіш шеттерінен
Ал кез келді түгелін саралауға
Осы жерде қуат бер маған Алла
Мен біраз сұрақ қойып көрейінші
Сол бəрін түсіндіргіш ағаларға
Қазаққа құрып жатыр қақпанды кім
Жақсыдан зəбір көрем жаттан бұрын
Түсіндіргіш ағалар түсіндірсін
Айтыстың неге жолын жапқандығын
Халықтың құдай берген қазынасын
Біздермен ақылдаспай сатқандығын
Түсіндірсін желтоқсанда Жаңа Өзенде
Халыққа неге оғын атқандығын
Түсіндірсін біздің мұнша бай мемлекет
Қарызға қалайынша батқандығын
Түсіндірсін Храбунов Əбілəзов
Неге ұстамай жатқандығын
Егерде асыл тастан ақыл жастан
Құрайын шындық пенен ақын дастан
Түсіндірсін осыларды түсіндірсін
Халықтың босқа басын қатырмастан
Түсіндірсін кімнің қайда баратынын
Кім бастады өмірдің жаңа түрін
Неге біреу бизнес ашса Президенттің
Жақындары оны тартып алатынын
Түсіндірсін кімнің қалай ойлайтынын
Түсіндірсін неге олардың тоймайтынын
Өздеріне керек болса ата-заңды
Əрі-бері өзгертіп ойнайтынын
Осылай ақиқатты лайық қылсын
Істеген күнəлəрін шəйіп тұрсын
Түсіндіре алмаса қазірден ақ
Отырған орнынан тайып тұрсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу