Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  683


Автор: Ринат Зайытов

Затым қазақ, ал түбім Түрік....

Затым қазақ, ал түбім Түрік еді,
Қазақ десем бар рухым тіріледі.
Қазақстан көп ұлтты дегенменен,
Қазақ сөзі Қазақстанның түбірі еді.

Бірінші май, Наурыз келсе басқа ұлттардың,
Қалайша бір бармағы бүгіледі.
Олар оны достықтың мейрамы деп,
Әркім өз ұлт киімін киінеді.

Олар неге шапан, камзол кимейді екен,
Сонда ғана бірлігіміз білінеді.
Осыншама асқақтатып қоятындай,
Жүз отыз диаспораң кімің еді.

Керісінше қайтып келген оралмандар
Азаматтық ала алмай жүгіреді.
Кешегі желтоқсанда бостандық деп,
Қай диаспораң алаңға шығып еді.
Олардың аңдығаны бірлік емес
Қазақтың іргесінің ірігені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу