Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.10.2021
149

Көкейтескен
Дала – менің көңілім де,
Тау – еңсем!
Алда-жалда Ақ ордама, жау, енсең:
Тақ – төріме тағзым жасап,
Еріксіз
Есік жақтан еңкейерсің əуел сен.
Шалқақ кеуде,
Апайтөстер небір дөй
Əуреленген не кете алмай, не кірмей.
Қазыналы құтты мекен қайда бар
Қазағымның қасиетті жеріндей?!
Қазынама сұғын салған сұм қанша?..
Қазанымнан қайыр қанша, уланса?
Қайран менің қазағыма дəл қазір
Абылайдай арда туған ұл болса?!
Тау – еңсем!
Алда-жалда Ақ ордама, жау, енсең:
Тақ – төріме тағзым жасап,
Еріксіз
Есік жақтан еңкейерсің əуел сен.
Шалқақ кеуде,
Апайтөстер небір дөй
Əуреленген не кете алмай, не кірмей.
Қазыналы құтты мекен қайда бар
Қазағымның қасиетті жеріндей?!
Қазынама сұғын салған сұм қанша?..
Қазанымнан қайыр қанша, уланса?
Қайран менің қазағыма дəл қазір
Абылайдай арда туған ұл болса?!
Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай өлеңдері Исраил Сапарбай шығармашылығы көкейтескен ащы шындық Абылайдай ұл болса
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇