Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.10.2021
1543
25 жас туған күніңмен сүйіктім (күйеуіме туған күнге тілек)
Жиырма бес мүшел жасың келді жаным,.
Құтты болсын сүйіктім туған күнің.
Бар жақсысын өзіңе шын жүректен,
Арнайды жаным жайқалған гүлің бүгін.
Арман менен мақсаттарың орындалсын,
Алла өзі жар болып сүйген жарым.
Арайлы да шаттықты сыйлайтұғын,
Жаным, жарым өзіңсің атар таңым.
Көңіліңде қайғы-мұң болмасыншы,
Раббым Алла біздерді қолдасыншы.
Амандықта болып сен отағасы,
Бар жақсылық үйімізде орнасыншы.
Екінші мүшел қуанышын алып келсін,
Шамшырағын біздерге жағып берсін.
Асыл жарым, ғашық жаным өмір бізге,
Жарқыраған көз моншақ тағып берсін.
25 жас 25 жас туған күнің құтты болсын туған күн сүйіктіме тілек ғашығыма тілек сүйген жігітіме тілек мүшел жас жаныма тілек күйеуіме тілек махаббатым туған күніңмен
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter