Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.10.2021
1912
20-жас (жаныма туған күнге тілек)
Бүгін сенің туған күнің жаным менің,
Шырайлы боп ататын таңым менің.
Құтты болсын туған күнің бүгінгі,
Орындалсын арманың жаным сенің.
Жиырма жасқа толып жатсың Алла қолдап,
Берсін жаным, сүйіктім Алла мол бақ.
Жүрегімнің иесі сен, жартысы өзің,
Жүретұғын әрқашан мені қолдап...
Сүйіктімсің өміріме мән беретін,
Ғашығымсың өміріме сән беретін.
Рахмет көп таныстырған бір Аллаға,
Сендей жанмен өміріме әр беретін.
Тілейтінім өзіңе жаным саған,
Арманыңа жет жаным сен аңсаған.
Алла өзі жар болып, аман болсақ,
Бұл өмірдің бар жақсысын берем саған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter