Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.10.2021
934
Балалық шақ
Кеше ғана сәби едік гүл терген
Қызыл, жасыл әрі сары гүлдерден
Жинап алып үйге әкеліп коюшыек
Сонау биік,қырлы әсем белдерден
Сәби күндер,бала күндер баяғы
Қайдан енді бізге құшақ жаяды
Үйге кірмей, ойынға да тоймастан
Жепте кейде алар едік таяқты
Суға түсіп жазда арық жағалап
Үлкендерді ойнашы деп мазалап
Сөз түсінбей еркеленіп бәріне
Тау мен тасты әр күн сайын аралап
Балалық шақ ұмытылмас қызықты
Ол қызықты кімдер бұзып сызыпты
Естеліктер еске салып күлдірер
Дәл сол шақтар қуанышты,қызықты
Уайым да жоқ еш нәрсені ойламай Мына өмірдің есйтіп те қойғаны ай
Құшағында анашымның еркелеп
Жатушы едік сүтке тойған қозыдай
Автор: Манар Жанахметова Рахатбекқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter