Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.10.2021
829
25-жас досыма туған күнге тілек
Жаны жайсаң бауырым, жүрегі кең,
Ашық-жарқын мінезі, жайдарлы ең.
Құтты болсын екінші мүшел жасың,
Мен арнайын мықтысын, тілекті ең.
Елін сүйген, елі сүйер азамат бол,
Отбасының тірегі, боп жүрегі.
Тамыр жайып тереңінен өркендей бер,
Елдің қамын ойлайтын сен үнемі.
Жаңа жасың бар жақсысын сыйлай берсін,
Көңіліңде қайғы-мұң болмай досым.
Жаздай көңіл тілеймін жадырайтын,
Көтеріңкі болсын деп көңіл қошың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter