Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.10.2021
934
Кеш жарық
Сөзі Ә. Асылбековтікі
Әні А. Қоразбаевтікі
Кел балақай, кеш жарық!
Келіп жүрме кеш қалып.
«Кеш жарықтан» бастайық,
Көп қызықты еске алып.
Қайырмасы:
Көңілдерге қонып нұр,
Кешкі мезгіл болып тұр.
Кеңейеді ой-сана,
«Кеш жарықты» көріп тұр.
Кеш жарықты көресің,
Қуанышқа енесің.
Жамандықтан жиреніп,
Жақсылыққа ересің.
Қайырмасы:
Құлақ түре қалдың ба?
Қызығына қандың ба?
Мультфильмдер мың түрлі,
Ертегілер — алдыңда.
балаларға арналған әндер балаларға арналған әндер текст балаларға арналған әндер сөздері Кеш жарық кеш
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter