Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.10.2021
993
Туған күнге тілек ер адамға 37-жас
Үшінші мүшел бауырым келіп жетті,
Құтты болсын бүгінгі туған күнің.
Қуанышың жанымды тебірентті,
Зор қуаныш сыйлап маған думан күнің.
Отыз жеті жасың бақыт жасы болсын,
Бар жақсылық шынайы болып мол шын.
Отбасың мен жақындарың аман болып,
Айналаңда айнымас шаттық толсын.
Отбасыңның тірегісің Асқар таудай,
Соғып тұрған жүрегісің үміт жалғай.
Бақытың мен шаттығың ортай еш,
Шапағына бөлей берсін атар таңдай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter