Өлеңдер ✍️

  24.10.2021
  1147


Автор: Жібек Ысқақова

35 жас туған күнге

Бүгін шаттық, мереке құтты болсын,
Туған күнің есіктен еніп келген.
Жан дүниең шаттық пен нұрға толсын,
Көтеріңкі күйде боп көңіл деген.

Отыз бес жас шатығын арнай берсін,
Бар жақсысын, сәттілігін жалғай берсін.
Раббым Алла жар болып әрқашанда,
Жаратқан ием өзіңді қолдай берсін.

Жаңа жасың қуандырып, шаттандырып,
Жетелесін бақыттың бақыттың базарына.
Бар жақсылық орналып, қуаныштар,
Ажар қоссын әдемі ажарыңа...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу