Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.10.2021
153
Жұмақ түні
Бiз бүгiн – Адам ата, Хауа анамыз,
Күннен нұр, Айдан саумал сауа аламыз.
Жаһанның аржағы мен бержағына
Ақшамда ақша бұлттай ауа аламыз!
Тамұқтан құтылғанбыз кеше, бүгiн,
Өршiген өшiре алмай өсек үнiн...
Жалғанда жаннан безген жан болмаса,
Жұмбағын бұл фəнидiң шешедi кiм?
Жарықтан мына бiзге түн жайлырақ,
Оңаша тамашадан ыңғайлырақ.
Өзгенiң өңi түгiл түсiне де
Кiрмеген өмiр бойы мұндай Жұмақ!
Қосамыз жырды жырға, нұрды нұрға,
Жалғаймыз түндi таңға, сырды мұңға...
Екеумiз еншiлеспiз бiр Бақытқа,
Екеумiз еншiлеспiз бiр Ғұмырға!
...Бiз бүгiн – Адам ата, Хауа анамыз,
Күннен нұр, Айдан саумал сауа аламыз.
Жарлығын Жаратқанның қабыл алып,
Қаласақ, қайта туып-жараламыз!
Бiз бүгiн – Адам ата, Хауа анамыз!...
Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай өлеңдері жұмақ түні Исраил Сапарбай шығармашылығы біз бүгін Адам аиа-Хауа анамыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter