Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  154


Автор: Исраил Сапарбай

Мең

Бетiңдегi бiр меңiң
Бесiгiндей жалғанның,
Есiмiндей арманның,
Есiгiндей түрменiң.
Сол бесiкте неге ғана тербелiп,
Сол түрмеге неге ғана кiрмедiм?
Кiрсем едi түрме iшiне – түнекке,
Меймана мең – меңдуана тiлек пе?..
Келтiрер ме ем калимаға тiлiмдi,
Жастап жатып кəллəмдi аппақ бiлекке.
Жалғыз ноқат...
Нүктесiндей жалғанның,
Неге саған өлiп-өштiм, арбалдым?
Əлдекiмнiң емес пе екен көз жасы,
Ақ бетiңе – əппақ қарға тамған мұң?..
Жалғыз тамшы –
Жазықсыз мұң,
Мөлдек мұң..,
Неге сонша көз жасымды көлдеттiң?
Ей, жұмбақ қыз! –
Жұмыр жердiң иесi!
Жүрегiңе келiп кеттi төрлеткiм.
Əттең,
Əттең,
Əттең,
Əттең,
Əттең-ай!..
Қос қолда емес,
Аспанда ғой əппақ Ай.
Жалғыз меңге жанарымды телмiртiп,
Көңiлiмдi нiлдей бұзған Көктем-ай...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу