Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  152


Автор: Дәркен Танабаев

ШАРДАРА

Өртенген құмшағал далаға,
Сырдың біз ақтардық арнасын.
Айналды сәулетті қалаға,
Елімнің өзгертіп картасын.
Айналмас Қызылқұм сағымға,
Кеппейді сахара сар дала.
Елімнің баянды бағына,
Шуақты нұр шашар Шардара.
Қайырмасы:
Сағындым шексіз,
Шардара елін.
Шағала ұшқан
Аңсадым көлін.
Көңілім көктем,
Жанарым теңіз.
Сыр ана сізбен,
Жүрегім егіз.
Ойнаймыз жаға жай төрінде,
Құм шашып, теңізін сапырып.
Құшағы ып-ыстық өңірге,
Достарды қонаққа шақырып.
Би билеп әнге де саламыз,
Желіксін, желпінсін сардала.
Келіңдер күтеді қаламыз,
Құм шағал, көк теңіз Шардара.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу