Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  482


Автор: Дәркен Танабаев

СТУДЕНТТІК КҮНДЕР-АЙ.

Тағдырым табыстырған,
Армандас сырластарым.
Ақтарған жүректегі сыр дастанын.
Жастық-ай! жанымыз бір,
Студент құрдастарым.
Шалқысын жастық дәурен, тұрмас сағым.


Өртенген алаулаған,
Жүректе сезім деген.
Түндер-ай жалын құшып көз ілмеген.
Шоқ ұшқын жанарыңда,
Ай ару күнім деген,
Арманың құшағыңда күлімдеген.
Мұң үйір жанарыма,
Жасық ем ез көрінген.
Жаныма жалау болған сөздеріңнен.
Бір жүрген күндер қандай,
Достарым өздеріңмен.
Қуаныш көретінмін көздеріңнен.
Таласып жарысатын,
Шаттанған әр күніміз.
Болашақ еліміздің жарқынымыз.
Аспанды жарып ұшқан,
Жасындай жарқылымыз.
Жұлдыздай ағып өтер қарқынымыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу