Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.10.2021
161
Көмескi тартқан шақта көңiл-айнам
Көмескi тартқан шақта көңiл-айнам,
Көрiктiм, таба аламын сенi қайдан?
Тəрк еткен Перiштедей пенде жұртын
Алыстап кетесiң-ау сен де бiр күн…
Қай жаққа сонда қарап телмiрермiн?
Көнермiн,
Көксей-көксей көндiгермiн.
Жалғыздан-жалғыз қалған сорлы басым,
Отырар шертiп шерлi домбырасын.
Ұласар қоңыр əуен қоңыр мұңға,
Сен анда,
Өксiгi мол өмiр мұнда…
Көрсетпей көз жасымды тiрi жанға,
Ұқсармын Айға қарап ұлығанға.
«Қош, жаным,
Қош, жананым, қош ендi» деп
Жетiм мен жесiр күйiн кешер жүрек.
Қайтейiн, тағдырымды қарғайын ба? –
Мен – Жерде,
Сен жатарсың жар қойнында.
Жаратқан,
Өзiң ғана жар боларсың,
Жаза алмай жазым болсам жан жарасын…
Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай өлеңдері Исраил Сапарбай шығармашылығы көңіл айтам Қош жаным жетім жүрек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter