Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  118


Автор: Дәркен Танабаев

ҚҰМКӨЛ ДӘПТЕРІНЕН

Қызылордадан жасар болсам жол қамын,
Жұмыс орным үш күндік жол жорғаның,
Тік ұшағым бір сағатта жеткізер,
Қазу үшін Құмкөл шөлдің сортаңын.
Қазамыз деп шөл даланың табанын,
Игергенбіз бұрғышының маманын.
Иен даласын қызғанғандай бұзық жел,
Біз келгелі бір ашпады қабағын.
Әнін айтар сексеуілдер сыңсыған,
Жел басылса құмды дала тыншыған.
Шыжыған күн табасына қақталып,
Ми қайнатар қапырықта тұншығам.
Қыр көрсетіп шақырмаған қонаққа,
Құм суырып долданады боратпа.
Сұры қашып безеріп тұр боз дала,
Қазынамды дей ме желге тонатпа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу