Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  167


Автор: Исраил Сапарбай

Кешегi кербез жиырма бес..

Кешегi кербез мəз емес жiгiттiң жайы –
Тақырдай қаңсып таусылды жiлiктiң майы.
Төзiмдi жалап-жүқтаған төсекке ене
Өзеуреп өшiп қалады қос өкпе неге?
Шiренiп тұрып тартатын адырна кəнi?
Қауқарсыз неге, құдай-ау, қазiргi амалы?
Белдегi қуат, бойдағы бесатар қайда?
Тимедi атқан бытырам кеше торғайға...
Желөкпе қызды жетектеп желпiнетiн едiк,
Жетпегiр жүрек неге ерте ентiгедi келiп?
Опалы тұста оталмай бiлтелi мылтық,
Күн өткен сайын барады дiңкенi құртып.
Қолыммен сипап қоямын қорамса сыртын,
Кешегi кербез Жиырма бес оралса, шiркiн!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу