Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.10.2021
169
Жас талдай бой түзеген қара суда
Жас талдай бой түзеген қара суда
Тал бойың таласып тұр жарасымға!
Жаныма жанай келiп жалт бересiң,
Жанарға үмiт шамын жағасың да.
Жалт берiп сен кетесiң,
Мен қаламын,
Еркесi кең даланың – Кермаралым.
Таусылып құмсағаттай демде амалым,
Елеңдеп, есiк жақты мен бағамын.
Ашылмас кез келгенге қас-қабағы
Арудың тəкаппарлық – тас қамалы.
Көмкерiп төңiректi жүре берер
Төңкерiп тана көзiн тастағаны!
Мен болсам құйып алып мұң жанарға
Қараймын өңге,
меңге,
үр жамалға.
Iшiмнен қорғаштаймын:
Хордың қызы
Қор болып кетпегей деп бiр жаманға...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter