Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  170


Автор: Исраил Сапарбай

Қызға сыр бұрынғыдай ақтармадық

Қызға сыр бұрынғыдай ақтармадық.
Қарайды мен қамықсам, бақтар налып.
Қызылдың құйын кезген құмдарындай
Қалыпты қайран бетiм қатпарланып.
Қызға əзiл бұрынғыдай айта алмадық,
Өтедi ол шiркiн де қайқаң қағып.
Желегi кеше ғана желпiлдеген
Қалыпты-ау қайран көңiл майқандалып.
Сұрама бурыл тартқан бастың жайын...
Еңсенi ес жидырмай бастың ба, уайым?
Кеудемде бiр қысыр мұң қыңсылайды
Қақпанға түсiп қалған қасқырдайын.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу