Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  267


Автор: Исраил Сапарбай

Экспромт

Саусағың жүзiк салған əппақ қана,
Майысып шəй құясың баптап қана.
Тəңiрiм тал бойыңды шашпай-төкпей
Алтыннан құйған бiлем аптап қана!
Ажарың адамзаттан бөлек екен
Алдырмас аңызаққа, аптапқа да.
Түнегiң тiлегiңе көне қоймас,
Жүрегiм, алабөтен атқақтама.
Əр қимыл, қылығыңды əнге қосып
Жүрейiн жұрт алдында мақтап қана.
Соңыңа түсiп алып ойда жоқта
Сорыңа кезiкпегей батпақ қара…
Тап келгей таланыңа таңдағаның
Табаны таймайтұғын қатқақта да.
Табысса Ай мен Күндей екi жақсы –
Бесiкте тайдай тулап жатпақ бала.
Бал берiп, қаймақ берiп əке-шешең
Жүр екен сенi кiмге сақтап қана?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу