Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  217


Автор: Исраил Сапарбай

Мен сені неге көрдім түстен кейін?

Мен сенi неге көрдiм түстен кейiн?
Болдым ғой əбiгерге түскендейiн.
Өн-бойым, өзегiмдi өрт жалайды
У қосып бал шарапқа iшкендейiн.
Мен сенi неге көрдiм күн бесiнде?
Көңiлiм көл түбiнде мұң кешуде...
Түнегiн түре оянып кеттi неге
Жүрегiм жата бермей түрмесiнде?!
Мен сенi көрсем еттi əу басында,
Сақина сатып алмай сау басыма.
Қайтейiн, қайран дүние, сайран дүние
Қимаса сарқытын да, сауғасын да...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу