Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  262


Автор: Исраил Сапарбай

Алаулап атқан таңдарың

Алаулап атқан таңдардың
Əуенiн бар ма жалғар күн?
Əуелеп ұшқан арманның
Қанатын қайтiп қармармын?
Қайғы да салмай басыма
Қайта бiр келшi қасыма.
Қол созым жерден қол жетпей
Қор болу деген осы да.
Жадымда кайта жаңғыр да,
Жуындыр жанды жаңбырға.
Айырған екi араны
Амалым бар ма тағдырға.
Менен де өттi пенделiк,
Сенен де өттi пенделiк...
Уланған уыз сезiмдi
Уақытпен қалған емделiк.
Сырымыз бiрге, мұңымыз,
Құдайдың сүйген құлымыз.
Неше бiр дауыл соқса да
Солмағай сол бiр гүлiмiз...
Жаралы жүрек жəй ұқсын,
Аурудан таза айықсын.
Сен ғана жанға серiксiң,
Сен ғана маған лайықсың!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу