16.10.2021
  291


Автор: Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) романтикалық өмірінен бір үзік сыр - 4 сабақ

ТӨРТІНШІ сабақ. Отбасыңа уақыт бөлу, әйелдің көңілін аулау... Алла Елшісі (ﷺ) сапарға шыққанда жарларын (жеребе бойынша) өзімен бірге алып жүретін. Айша анамызбен бірге аңға шыққанда онымен әзілдесіп, тіпті жүгіруден жарысатын.


Бірде Расулалланы (ﷺ) көршісі қонаққа шақырады. Пайғамбар (ﷺ) Айшаның да қатысуын өтінеді. Көршісі бұған келіспегендіктен, Расулалла (ﷺ) да бара алмайтынын айтады. Ол бірнеше рет шықарғанымен, пайғамбар (ﷺ) бәрібір бас тартады. Тек Айшамен бірге баруға келісім береді. Ақыры Алла Елшісінің (ﷺ) айтқанына көніп: «Айша да келсін», – деген екен. Сөйтіп, ол (ﷺ) аяулы жарын бірге ертіп барады.


Мереке күні Айша анамыз пайғамбардан (ﷺ) эфиоптардың ойынын көруге рұқсат сұрайды. Рұқсат беріледі. Сөйтіп, ол мешіттің алдында өткен ойынды Алла Елшісінің (ﷺ) артында тұрып, тамашалайды. Расулалла жұбайына кедергі келтірмес үшін бір иығын түсіріп тұрады. «Мен иегімді оның иығына қойып, бетімді жағына жақындаттым», – дейді Айша анамыз.


Алла Елшісінің (ﷺ) аяғы талып, шаршаса керек: «Уа, Айша, көріп болдың ба?» – деп сұрағанда: «Жоқ», – деп жауап береді. Бұл жауабын анамыз былай түсіндірген екен: «Оларды көргім келгендіктен емес, өзге әйелдердің менің жас екеніме қарамастан, Расулалланың (ﷺ) маған қалай қарым-қатынас жасайтынын көргендерін қаладым...».


Бұдан асқан қандай махаббат болуы мүмкін?


Мұхаммед (ﷺ) үй шаруаларына да көмектесетін. Үйді сыпырып, киімін өзі жамап, қой сауатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу