Әңгімелер ✍️
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) романтикалық өмірінен бір үзік сыр - 2 сабақ
ЕКІНШІ сабақ. Жарыңды жақсы көретініңді жария айту. Сахаба Амр ибн әл-Ас Алла Елшісінен (ﷺ): «Ең жақсы көретін адамыңыз кім?» – деп сұрағанда: «Айша», – деп жауап беріпті.
Әйелімізді жақсы көретінімізді өзгеге айту былай тұрсын, кейде өзіне айтуға «қысылып», сөз «шығындауда» сараңдығымыз жібермей қалатынын несіне жасырайық?!
Бірде Айша анамыз пайғамбарымыздан (ﷺ): «Уа, Алланың Елшісі! Мені қаншалықты жақсы көресіз?» – деп сұрайды. Сонда ол (ﷺ): «Мықты түйін мен жуан жіп секілді», – деген жауап қайырады.
– Уа, Алланың Елшісі! Сіздің түйініңіздің жағдайы қандай деңгейде?
– Ол өз орнында.
Осыдан кейін олар бір-бірінің сұлулығын сипаттайтын өлең-жырлар айтатын. Ауыздары берік болса да бір-бірін сүйіп, жүректегі шынайы сезімдерін білдіретін.
Пайғамбарымыз (ﷺ) бір күні Айшаға Умму Зарр туралы хикаяны баяндап, сөзінің соңын: «Умму Зарр Әбу Зарр үшін қандай болса, сол секілді сен де маған сондайсың», – деп аяқтайды. Күйеуінің бұл сөзіне орай өзінің де терең махаббатын білдірген ол: «Сен мен үшін Әбу Зарр Умму Заррға қымбат болғаннан да қымбатсың», – дейді. Бұл – «сіз мені жақсы көргеннен де қатты жақсы көремін» дегені.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter