Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.10.2021
151
АСЫЛ ӘН
Шәмші аға! әуенің тербеген,
Ғашықпын сазыңа жасымнан.
«Сыр сұлу» жанымды кернеген,
Жүрегің толқын ба тасыған.
Балауса еске алып күндерді,
Сан рет достармен шалқығам,
Думандап жұлдызды түндерде,
Шәмші әні әуелеп қалқыған.
Жаным-ау! келсеңші қасыма,
Өзіңе жетуге асығам.
Бақыт боп қонсаңшы басыма,
Жүректі толқытар асыл ән.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter