Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  130


Автор: Дәркен Танабаев

Мәңгі

Мәңгі қанша жүрем дейсің жалғанда,
Үміт артып ертеңіңе алданба.
Тәннің емес жанның ғана қарағым,
Жүрегіңнің қалауын тек арманда.
Мына бес күн шым-шытырық жалғанда,
Жүрегіңнің қалауымен жар таңда.
Олпы-солпы, ебедейсіз тірліктің,
Тереңіне түсіп кетіп алданба.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу