Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.10.2021
150
Жүрсем де арман соңында....
Жүрсем де арман соңында,
Сағыныш едің бір өзің.
Жанымды менің баураған,
Күлімдеп айтқан әр сөзің.
Қайғырсам яки күлсем де,
Алыста жүрген еркесін.
Сезеді ана көңілі,
Қобалжып тұрар ертесін.
Сағындым апа, ауылды,
Өзіңді, бауыр, қауымды.
Елжіреткен жүректі ,
Жайдақ та жасыл тауымды.
Бозара атқан ақ таңды,
Күн күліп қарар қапталды.
Өзіңе келіп еркелер,
Уайымсыз өткен шақтарды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter