Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  157


Автор: Дәркен Танабаев

Жазам десең...

Жазам десең
Жүрегіңнің жарасын,
Шипасын тек
Махаббаттан табасың.
Алжасарсың
Кәусарына қанарсың,
Есеңгіреп
Есіңнен де танарсың.
Өртенесің
Жалындайсың, жанасың,
Жарқырайсың
Жұлдыздардай ағасың.
Білгің келсе
Бақытыңның бағасын,
Қайғыменен
Қуаныштың арасын.
Кеудеңдегі
Күрсіністен табасың,
Жүрегіңнің
Дүрсілінен табасың.
Сиқыр сезім
Сездіргенде шамасын,
Әсем гүлдің
Бүршігіне қонасың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу