Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  157


Автор: Дәркен Танабаев

Жанарың мөлдіреп...

Жанарың мөлдіреп,
Қарайсың елжіреп.
Лаулаған жанымды,
Тұрғандай келші деп.
Лүп етіп жүрегім,
Айта алмай тілегін.
Бір ысып, бір тоңып,
Мұңайып, күлемін.
Кеудемді өртеген,
Не деген көркем ең.
Жанымды тербеген,
Еліктей еркем ең.
Күтуден шаршадым,
Тағатсыз аңсадым.
Басыма түскендей,
Жердегі барша мұң.
Үмітті үзбеймін,
Арманым сіз деймін.
Бір сәтке көрмесем,
Еріксіз іздеймін.
Сарғайып сағынам,
Ғашықпын табынам.
Баянды бағымнан,
Қалайша жаңылам.
Жаралған сезімнен,
Нұр сәуле сезілген.
Бармақтай бағымды,
Жоғалтсам өзімнен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу