Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.10.2021
172
Кездессем азын-аулақ
Кездессем азын-аулақ,
Көңлiңнiң назын аулап
қаламын мен.
Күн санап түрленетiн,
Көктеммен бiр келетiн,
Лала гүл ме ең?!
Мөлдiреп қарашығың
Елжiреп қарашы бiр,
Қалқатайым.
Баса алмай дiрiлiмдi,
Бiлектей бұрымыңды
тарқатайын...
Көлдегi қайыққа ұқсап
Айдынға жайып құшақ,
тербетiлем.
Жалындай жастығымның,
Бақытқа мас күнiмнiң,
келбетi ме ең?!
Көңлiңнiң назын аулап
қаламын мен.
Күн санап түрленетiн,
Көктеммен бiр келетiн,
Лала гүл ме ең?!
Мөлдiреп қарашығың
Елжiреп қарашы бiр,
Қалқатайым.
Баса алмай дiрiлiмдi,
Бiлектей бұрымыңды
тарқатайын...
Көлдегi қайыққа ұқсап
Айдынға жайып құшақ,
тербетiлем.
Жалындай жастығымның,
Бақытқа мас күнiмнiң,
келбетi ме ең?!
Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай өлеңдері Исраил Сапарбай шығармашылығы кездессем азын-аулақ Бұрым айдын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter