Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.10.2021
163
Сен сондай қатал ма едің,
Сен сондай қатал ма едің,
Келіп ем тізгін бермей.
Салқындық танытсаң да,
Үмітті үзгім келмей.
Сен сондай қатал ма едің,
Қазір-ақ жарылардай.
Тек сыртың сыр бермеді,
Өкпеден арыла алмай.
Сен сондай қатал ма едің,
Қолыңды тұрдым сұрап.
Бірінде елемедің,
Жүрегім қалды жылап.
Көзімнен жас та шықты,
Тамызбай жұтып жаттым.
Жанымда тұрсаңдағы,
Алыстап бара жаттың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter