Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.10.2021
152
Сезімім кернеп жүректі,
Сезімім кернеп жүректі,
Ақ қағазға төгілер.
Жабыққан жаным жай таппай,
Көңілім бұлттай сөгілер.
Жатамын күйіп, өртеніп,
Деміне алау сезімнің.
Өзің деп соққан жүрегім,
Мазасын алар төзімнің.
Қағазға қайта үңіліп,
Өремін сезім ғазалын.
Сиямен шерім төгіліп,
Тарқатам жүрек азабын.
Жеткізсем деймін жырымды,
Өткізсем деймін сөзімді.
Өртеніп жатқан өзіммен,
Өртесем деймін өзіңді.
Мұңданып жүрген көзіммен,
Қуантсам деймін көзіңді.
Жынданып жүрген сезіммен,
Жұбатсам деймін сезімді.
Өзіңсіз әлем тарылып,
Өкпемнен келдім арылып.
Ләйлісін сүйген Мәжнүндей,
Кетем бе? осы зарығып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter