Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  125


Автор: Дәркен Танабаев

Ұқпайды жүрек дұрысын,

Ұқпайды жүрек дұрысын,
Мең-зең боп осы жүрісім.
Ауру емес, сау емес,
Махаббат дерті құрысын.
Мұңайтпа деймін бекерге,
Жылатпа ғашық жанымды.
Үміттің жағып шырағын,
Аяла асыл бағыңды.
Ақылға салып тұрма тек,
Дегені болсын жүректің,
Сүймейтін болсаң несіне
Жүрегіме гүл ектің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу