Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  254


Автор: Дәркен Танабаев

Көктем келді далама,

Көктем келді далама,
Құлпырады бар маңай,
Ару қыздар қалада,
Біздер үшін арман-ай.
Көшені кесіп өткенде.
Қадайсың көзді еріксіз,
Шуақты жасыл көктемде,
Қиын-ау жүрсең серіксіз.
Асылын қалап жүрегің,
Жарыңды тапсаң ішінен.
Жадырар жаздай іреңің,
Бақыт деп соны түсінем.
Аудармай кетсе назарын,
Тас-талқан болып өмірің,
Солады гүлдей ажарың,
Құлазып күздей көңілің,
Өзімшіл пақыр болмағын,
Сезіне білгін сезімін.
Бақытым дегін, қолдағым,
Бағалай білгін төзімін.
Қыз деген халық жұмбақ қой,
Жан сырын шеше білсеңіз.
Құшағы оның жұмақ қой,
Шарпыған отқа күйсеңіз.
Үздіксіз ойлап жүрсеңіз.
Сағына оны білсеңіз.
Сағындыра да білсеңіз.
Қыз деген халық алау ғой,
Өлердей оны сүйсеңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу