Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.10.2021
238

Райы күннің бұзылды-ақ
Райы күннің бұзылды-ақ,
Құстарын ертіп күз кетті.
Қыл-қобыз дүние ызылдап,
О нені маған іздетті.
Қырлардан қашты қызыл гүл,
Қызыл гүл еді — көңілім.
Жылытпай қойды жүзін бір,
Өмірім маған, өмірім.
Ол — дағы кетті алыстап,
Бар еді бір жан — жаны нұр.
Анттасқан жокдыз нан ұстап,
Антқа өмір көнбес бәрібір.
Оралмас деп пе ең, о жалған,
Қоғалы көлге қу ұшып.
Өткен күн өшті, жоғалған,
Уайымдай берме у ішіп!
Маралтай Райымбекұлы Маралтай Райымбекұлы өлеңдері Маралтай Райымбекұлы шығармашылығы өмір уайым у ішіп
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter