Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.10.2021
331
БӘЙШЕШЕК
Жеңімпаз күннің нұрымен,
Ақ тоны қыстың сөгілген.
Көктемнің тұңғыш қызы сен,
Маржандай жерге төгілген.
Салқындау көкте шықпаған,
Демінен қыстың қалтырар.
Суықтан қорқып ықпаған,
Бәйшешек белде жарқырар.
Ғашықтай күтіп көз ілмей,
Санаулы күнге төзесің.
Алғашқы нәзік сезімдей,
Аязға төңып өлесің.
Жүзіңді түнде жасырып,
Жұлдыз боп көкте ойнайсың.
Ал күндіз жерге шашылып,
Нұрына күннің жайнайсың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter