Өлеңдер ✍️

  15.10.2021
  257


Автор: Дәркен Танабаев

АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА

Көрген дана талайды,
Ескерткіш боп қарайды.
Исі қазақ баласы,
Жыр піріне балайды.
Білмегенге намыстан,
Үйрен деген данышпан.
Бес дұшпанын көрсетіп,
Мыңмен жалғыз алысқан.
Жыры жеткен ғаламға,
Сайралып тұр санамда.
Жүз қайтара оқыдым,
Жұмбақ Абай мағанда.
Маржан сөздер терілген,
Ойдың терең зерінен.
Жүрегінің отынан,
Өлмейтін жыр өрілген.
Ғасырыңды алқымдап,
Уақыт өтті қарқындап.
Біз Абайға жете алмай,
Енді келдік жақындап.
Қоғамына налыған,
Тағдырыңа қамығам.
Поэзия патшасы,
Рухыңа табынам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу