Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.10.2021
179
Мұқағали
Аза тұтқан аққудай,
Жалғыз басың қаңғырып.
Жалғыз өзің жүрсің бе,
Мәңгілікте мәңгіріп.
Алп-алп басып, алп басып,
Қара нардай шудалы.
Тәбетіңе у құйған,
Тәркі дүние думаны.
Аяқталған Жердегі,
Пайғамбарлық болмысы.
Қайтып көрмес жау табар,
Қайтып келсе сол кісі.
Сен де пенде, мен пенде,
Пенделігің — періште!
Жеңіп кеттің жеңіліп,
Өмір атты керісте.
Тамұқтағы жалындай,
Тау басында лаулаған.
Тұлғаң жырға айналып,
Хан Тәңірден аумаған.
Сақалы жоқ, шашы бар,
Аңыз болдың ел сенген.
Ақын емес... абыздай,
Аса ұстамай теңселген.
Келдік, солай кетеміз
Үрметімен Алланың.
Барып-барып қайтады,
Қыл қобызға бармағым.
Таңбасы бар, ені жоқ
Кеудемдегі кітабым.
...Кессең кермек жас тамар,
Жас қайыңның бұтағын.
Маралтай Райымбекұлы Маралтай Райымбекұлы өлеңдері Маралтай Райымбекұлы шығармашылығы жалғыз Түлкі болмысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter